Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл – менің соңғы Олимпиадам": Қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаев жарыстағы әсерін бөлісті

Бұл Париж Олимпиадасында қола жүлде иеленген дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевтың – соңғы жарысы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дзюдошы жеңісін кімге арнағанын айтты.

"Бұл – менің соңғы Олимпиадам. Мен 32 жастамын. Сондықтан осы олимпиадаға барымды салдым. 60 келі салмақта сегіз жыл күрестім, бірақ квотаны жеңіп көрмедім. Ал 66 келіге дейінгі салмақта жолдама ала алдым”, – деді Қырғызбаев.

Сөзінше, жартылай финалдағы қарсыласы басқаларынан айтарлықтай мықты болмады. Босаңсып кеттім дейді ол.

“Ал Ана Бауладан соңғы екі әлем чемпионатында жеңіліп қалдым. Валид Хярден де жеңілдім. Мен бұған дейін испанды жеңген емеспін. Бүгін ең керемет күн болды десем, артық емес”, – деді ол.

Сөзінше, қола медаль үшін күрескен сербиялық спортшы өте мықты болды. Оның бойы ұзын, сондықтан жеңу оңайға соқпапты.

“Көптен күткен Олимпиада жүлдесі. Мен бұл жеңісімді еліме, ата-анама, әйеліме және балаларыма арнаймын", – деді Ғұсман Қырғызбаев.

Еске сала кетейік, Ғұсман Қырғызбаев 66 келіге дейінгі салмақта Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

Талқылау