Бүйрегін 25 мың долларға сатпақ болған қазақстандық ақша алып жатқан жерінде ұсталды

Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 25 мың долларға бүйректі заңсыз сату фактісінің жолын кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде өз ағзасын сатқысы келетіні туралы хабарландыру жариялаған.
Күдіктінің хабарламасы бірден жедел уәкілдердің назарын аударып, арнайы іс-шаралар кешені жүргізілген. Осылайша ер адам Көкшетауда ақша сомасының бір бөлігін алып жатқан сәтінде қолға түсті.
Тексеру барысында бұл азаматтың бұған дейін де осындай хабарландырулар жариялағаны анықталды. Ер адамнан ақша, ұялы телефон, сондай-ақ медициналық анықтамалар мен талдау нәтижелері тәркіленді.
Қазір қылмыстық іс аясында мән-жайлар анықталып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Аймақтық полиция департаменті Қазақстанда адам ағзаларын сатып алу-сату заңмен тыйым салынғанын және бұл әрекет сатушыға да, делдалдар мен сатып алушыларға да қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.
"Бір ұйықтаса бірнеше күн бойы оянбайтын ауыл": Тылсым "Калачи" туралы не белгілі?