Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұл не ырым: Бүркіт жаңа туған қызын 40 күнге дейін қолына алмайды

Босанғанына 40 күн толмастан, Бүркіттің жары Аиша ел арасына шықты. Әнші көпшілік ортаны сағынып қалғанын айтты. Алайда үйде де шаруа бастан асатынын мойындады.

Бұл не ырым: Бүркіт жаңа туған қызын 40 күнге дейін қолына алмайды

Бұл туралы НТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Аиша босанғалы бері жарын көрмейтін болған. Себебі Бүркіт күндіз-түні түсірілім алаңында. Ал бүгінде үш баланың анасы атанған Аиша нағыз қиыншылықты сезіне бастаған.

“Ең бастысы, босану кезінде қасымда болды. Кейін барлығы бір қалыпқа түсті. Перзентханадан шығарған кезде болды да, келесі күні ұшып кетті”, – дейді Аиша.

Алайда үйде болған күннің өзінде, Бүркіттен қайран жоқ. Себебі әнші көптен күткен қызын қолына алуға қорқады екен.

“Үлкен балаларыммен көмектеседі, бірақ қызын қолына алуға қорқады. Қыз ғой, кемі 40 күн тиіспей-ақ қояйын деп жүр, бұл тақырыпқа келгенде өзінің бір ойлағаны бар сияқты”, – дейді Аиша.

Сондықтан да Бүркіт әйеліне бірнеше көмекші жалдаған.

Ең қызықты 12 ырым >>>

“Бала күтуші, үй қызметкері бар, Құдайға шүкір. Біз жер үйде тұрамыз, сондықтан да бар шаруаны өзіме атқару қиынға соғар еді. Жалпы екі баламды босанған кезде ешқандай көмекші болған жоқ. Ол жүйкеме кері әсерін тигізді”, – дейді Аиша.

Сондықтан Аиша “көмекшілерім барда, артық салмақтан да арылсам” деген ниетте.

“Қазір 10 келідей артық салмағым бар, бірақ бұл уақытша. Йогамен айналыса бастадым”, – дейді Аиша.

Артық салмақтан арылуға тағы бір себеп – Аиша жақында шоу-бизнеске қайта оралмақ. Бұл орайда Бүркіт жаңа бейнебаянның түсірілімін жоспарлап та үлгерген.

 

Талқылау