Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бүкіл ғұмырым көз алдымнан өтті": Айгүл Иманбаева анасының сырқатын айтып, жылап қалды

Танымал әнші Айгүл Иманбаева анасының сырқаты барын айтып, эфир кезінде жылап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Бағдарламадан скриншот

Өнер иесі “Төрлетіңіз” бағдарламасында қонақ болып, қиын күндердің артта қалғанын айтты. 

"Балаға ең бірінші мотивацияны анасы береді екен. Бала күнімде өте тентек болып өстім. Қыз болып қуыршақ ойнамағанмын. Сондай төбелестің бірінде мұрнымның үстіне тыртық түсті. Бала болсам да ұялып, көп көзіне түсе бермейтінмін. Сол кезде анам: “Сен жоғалып кетсең, мен тез тауып аламын. Тыртық – сенің ерекшелігің. Ондай ешкімде жоқ” деді. Содан бері ол тыртықтан ұялған емеспін. Биыл анамның анализдерінен ақаулар шығып, Стамбұлға медициналық тексертуге апардым. Бүкіл ғұмырым көз алдымнан өте шықты. Мәңгілік жүретін сияқты сезілетін. Осы тексеруге апарғанда көп дүниені бастан өткеріп, сабақ алдым. Осы сапар 10 күннің ішінде көп жасқа есейтіп жіберді", – дейді әнші. 



Сонымен қатар марқұм әкесін де есіне алып, көзі тірісінде араласып үлгергенін мақтанышпен жеткізді. 

“Әкеммен 40 жылдан кейін араластық. Қалай әкемнің батасын алдым, солай тұрмысқа шықтым. Әлемге көп жол ашылды. Лондонға кетер алдында әкем концертке келді. Сонда айтылған барлық сөз алғашқы және соңғысы болыпты. Сол концерттен кейін үш айдан соң әкем қайтыс болды. Әкемнен кешірім сұрап үлгердім. Ол кісінің батасын алдым", – деді өнер иесі. 

Еске салайық, Айгүл Иманбаева ана атану үшін дайындалып жүргенін жасырмаған еді. 

Талқылау