Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бүкіл адам жоқ болып кетті": Жахан Отарғалиев қиналған кезде достарының тастап кеткенін айтты

Танымал актер Жахан Отарғалиев қиын сәтте достарының тастап кеткенін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Кино жұлдызы сыналған кезде көп танысы мен досы теріс айналып, араласпай кеткен. 

 "Менің айналамда бір мезетте бүкіл адам жоқ болып кетті. Бірінші кином шыққан соң фильм тұсаукесерлеріне, түрлі жиындарға көп шақыратын. Тура бір жыл бұрын араласып жүрген адамдар бұрылып-бұрылып кетіп қалды. Ол солай болуы керек болды. Менің ең үлкен қателігім, өз-өзіме деген сенімділігімді түсіріп жібердім", – деді ол. 



Өнер иесінің сөзінше, сол уақытта денсаулығы да сыр беріп, рухани әлсірегенін айтты. 

"Денсаулығым сыр берді. Алайда уақыт өткен соң бәрі орнына келді. Сол кезде жан-жағыма қарадым да, рухани әлсіреп кетіппін деген шешімге келдім. Себебі адам Алладан алыстаған сайын адамдар одан алыстап кетеді екен. Ал сен Аллаға жақындаған сайын адамдар саған келеді. Алла керек адамдарды жақындатып, керек адамдарды алдыңан шығарып қояды. Осы жерден менің түйгенім, біз ең бірінші Алламен қарым-қатынасымызды түзеуіміз керек. Рухани реттелгенде жаным рахаттана бастады", – деді Жахан Отарғалиев. 

Еске салайық, әзілкеш екі айда үш рет ота жасап, бір өлімнен аман қалғанын айтқан еді. 

Талқылау