Ұрпақты біріктіру: Яндекс Книги қазақша әдебиеттерді қолжетімді етті
Яндекс Книги Қазақстан баспаларының контенті бар онлайн сөре ашып, қазақ тілінде табыс тапты. Қазақстандықтарға классика, ғылыми-көпшілік әдебиеттен бастап, заманауи бестселлер және халық ертегілеріне дейінгі жанрларды қамтитын 1300-ден астам кітап қолжетімді болды.
Бұл жобаның мақсаты – қазақстандық әдебиетті насихаттау және заманауи қазақстандық баспалардың жұмысына аудиторияның назарын аудару. Қазірдің өзінде жүйеде KitapAl, Foliant, Отбасы хрестоматиясы, Zerde Publishing және Атырау толқындары сияқты баспалардың бірқатар әдебиеті бар. Бұл контентті Қазақстандағы Яндекс Плюстің 1,3 миллион қолданушысы пайдалана алады.
"Мәдениет пен бизнес тоғысып жатқан заманда кітап та музыка, кино және тағы басқа салалар сияқты цифрланып жатыр. Адамдар өзіне ыңғайлы кез келген жерде кітаптың электрон нұсқасын оқығысы, тыңдағысы келеді. Біз қолданушыларымызға үздік технологияны ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы қазақстандық авторларды, классиканы, халық ертегілерін, қазақ тіліне аударылған халықаралық бестселлерлерді таңдауға мүмкіндік беретінімізге, еліміздің ең үздік баспаларын ұсына алатынымызға өте қуаныштымыз. Бұл қазақстандық авторларды танымал етеді, өскелең ұрпақтың әдебиетке қызығушылығын арттырады және тұтастай алғанда, оқырман мен кітаптың көбірек қауышуына көмектеседі", – деді Яндекс Плюс контент вертикалдарының халықаралық дамуының директоры Елена Бродская.
Қазақстандықтар Яндекс Книгидан бүкіл отбасына арналған әдебиеттерді – классиканы, өзін-өзі дамытуға қатысты кітаптарды, қазақстандықтар ерекше бағалайтын тарих пен мәдениет туралы туындыларды, сондай-ақ балаларға арналған қазақ халқының ертегілерін таба алады.
Шығармалардың қатарында қазақстандықтар бұрыннан сүйіп оқитын Абай Құнанбаевтың "Қара сөздері", Шәкәрім Құдайбердіұлының "Еңлік-Кебегі", Міржақып Дулатовтың "Оян, қазақ!", "Бақытсыз Жамалы", сонымен қатар "Не үшін үйлену керек", "Бейсен және болмыс", "1916. Волчий кош", "Дата С", "Отслойка" сияқты жаңа туындылар бар.
Аудио форматты ұнататындар қазақ тілін насихаттайтын жобаның аясында дыбысталған классикалық және заманауи прозаларға, кітаптарға назар аударуы керек.
Жүйенің каталогы қазақ баспаларының электрон және аудио кітаптарымен жүйелі түрде жаңартылып отырады. Осылай, оқырмандар ана тіліндегі үздік шығармалармен тұрақты түрде таныса алады. Жүйені қазақша қолдану үшін баптаудан қажет тілді таңдау керек.