Бухгалтермен 758 миллион теңгеден астам ақша жымқырған: Жамбыл облысында бас дәрігердің орынбасары сотталды
Жамбыл облысының қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тараз қалалық соты Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары С. Шаушенова мен бас бухгалтер А. Достаеваға қатысты үкім шығарды.
“Олар "Қайрат Құрылыс-ҚК" ЖШС аффилирленген кәсіпорнына жалған құжаттар бойынша заңсыз аудару жолымен 758 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сонымен қатар бас дәрігердің орынбасары қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру бойынша сотталды”, – делінген хабарламада.
Сот үкімімен Шаушенова 9 жылға, Достаева 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сотталғандар қаржылық қызметке байланысты лауазымдарды 10 жыл мерзімге атқару құқығынан айырылады.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

"Құжатта бәрі тап-тұйнақтай": Алматылық жігіт жұмыс берушіден айлығын бірнеше айдан бері ала алмай жүргенін айтып шағымданды
