Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бүгін шешіп тастаса да, мәселе жоқ": Айдана Меденова қызының хиджаб кигеніне қатысты ойын бөлісті

айдана меденоваФото: https://www.instagram.com/aidanamedenova_officialpage/

Өнерден кетіп дінге бет бұрған Айдана Меденова кішкентай қызының хиджаб кигеніне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Экс-әншінің сөзінше, қызы Амина орамалды өзі қызығып таққан көрінеді.

“Көбі асыра сілтеп, бізді қызымызды хиджаб киюге мәжбүрлейді деп жазып жатыр. Естеріңізге саламын: Амина әлі бала. Бұл жаста хиджаб кию міндет емес. Егер ол бүгін шешіп тастаймын десе, ешқандай мәселе жоқ. Мен әрқашан Аминаға: саған өзіңнің құндылығыңды ешкімге дәлелдеудің қажеті жоқ деп айтамын. Хиджаб – бұл қысым емес, Аллаға деген махаббат пен өз-өзіңді құрметтеу. Бұл – таңдау. Мен бұған жылдар бойы жеттім. Ал қызым бұл қадамға менен де тез әрі шынайы барды. Әр адамның жолы өзіне тән. Мен тек оның жолы жеңіл, саналы әрі нұрлы болсын деп дұға етемін", – деп қызу талқыны түйіндеді Меденова.



Айта кетейік, Айдана Меденованың ағасы қарындасының өнерден кеткеніне ренжіп жүргенін жасырмаған еді. 

“Айдана – өте дарынды қыз, білесіздер ғой. Бала кезінен қаншама байқауға қатысып, әннің майын тамызып келе жатқан қыз еді. Менің анам да сондай болатын. Айдана сол кісіге тартқан. Негізі, мен мұндайға қарсымын. Әр адам өзі біледі ғой, сол секілді Айдана да өзі біледі. Бірақ түбі әнге қайта келетін сияқты. Дінде "ән айтуға рұқсат жоқ" деп айтпаған шығар, білмеймін. Өз басым өнерден безетіндей жамандық көрмедім. Орамалын шешпей-ақ әнін айтып жүре беруге болады”, – деп ренішін жасырмаған еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 19 Тамыз, 2025 10:09
Талқылау