Бүгін мұсылмандар Қадыр түнін күтеді: Оны қалай өткізу керек

Бүгін 16 наурыздан 17 наурызға қараған түні мұсылмандар Рамазан айының соңғы онкүндігінде Қадір түнін күтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұсылмандар үшін Қадыр түнi (Ляйлятуль-кадр) – қасиетті түн. Ол Рамазан айының соңғы онкүндігінде өтеді.
Дін істері жөніндегі басқарма күнтізбесінде биыл Қадыр түнi 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді.
Ислам сеніміне сәйкес, осы түнде пайғамбар Мұхаммедке (с.а.с) Құран Кәрім түсе бастаған. Сондықтан мұсылмандар бұл түнді намаз оқу, Құран оқу, ізгі іс жасау және мешітте немесе үйде құлшылық ету арқылы өткізеді.
Бұл түнде:
- алкоголь ішуге,
- жаман сөз айтуға,
- өсек айтуға,
- пайдасыз әңгімелерге,
- көңіл көтеретін бағдарламалар көруге және ұйықтауға кеңес берілмейді.
-
"Ауырып қалса, біз жауаптымыз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
-
Әйелдерге Рамазан айында жасанды кірпік пен тырнақ жабыстыруға рұқсат па?
Діни басқарма бұл түнді тек құлшылыққа және рухани тазалыққа арнаған дұрыс екенін жеткізді.
Еске салсақ, бұған дейін Қадір түнін қалай өткізу керек екенін жазған едік.
Қазақстанда шетелдіктерге тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?