Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұдан былай қазақстандықтар қағаз түріндегі еңбек кітапшасын қолданбайды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірыңғай ақпараттық жүйесін цифрлық технологиялар аясында дамыту жолдарын қарастыруда.

 

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында аталған ведомствоның басшысы Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда біздің саланың барлық бағыттарын қамтитын бірыңғай ақпараттық жүйе жұмыс істеуде. Жүйенің негізі біріншіден, 14,5 млн азаматтың дерекқоры болып табылады. Бұл дерекқор онлайн режімде жаңартылып отырады.

Сондықтан барлық уақытта өзекті. Екіншіден, азаматтарға көрсетілетін барлық қызмет түрі автоматтандырылған. Биыл 19 млн қызмет көрсетілді. Соның ішінде 3,2 млн қызмет электронды үкімет арқылы атқарылды.

Үшіншіден, әлеуметтік қамсыздандыру саласына қажетті қаражат көлемі жыл сайын осы жүйе аясында есептелінеді. Бүгінгі күні осы жүйе арқылы өтетін төлем көлемі 3,5 трлн теңгеден асып отыр. Ендігі кезекте жүйені цифрлық технологиялар аясында дамыту жолдарын қарастырудамыз»,  – деді министр.

Оның айтуынша, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыруды дамыту бағытында бірнеше жоба жүзеге асырылуда. «Бірінші жоба – бұл бірыңғай электронды еңбек биржасы. Ертеректе еңбек нарығының құрылымы бөлек-бөлек болатын.

Жұмыс іздеуші бірнеше жұмыс берушіні аралап шығатын болса, ал кәсіпорын өте көп нәтижесіз сұхбаттасуларды өткізіп келетін. Содан екі тарапта уақыт және қаржы шығындайтын Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін ағымдағы жылдың қазан айынан бастап еліміздің 4 өңірінде бірыңғай электронды еңбек биржасы іске қосылды», – деді ол.

Тамара Дүйсенованың сөзіне қарағанда, министрлік қолға алған екінші жоба еңбек келісімшарттарын электронды есепке алу деп аталады. Ал үшінші жоба өзін-өзі жұмыспен қамығандарды электронды тіркеуге бағытталған. Төртінші жоба бақылауды ұйымдастыруға электронды рұқсат беруді көздейді.

Оқи отырыңыз:

Қытай тұрғыны киім сырмасын жыныс мүшесі арқылы қуығына кіргізіп жіберген

Ғашық жігіттің рөлін сомдаған Бағлан Әбдірайымов елдің сынына ұшырады (видео)

ҰОС ардагеріне көмектескен Асылхан Төлепов дүйім жұртты тамсандырды

Қуандық Рахым алғашқы концертін жанды дауыста бермекші

Бір топ бұзақылар Сәкен Майғазиев пен Жанболатты өлімші етіп сабап тастаған

 

 

 

Талқылау