Бокс жанкүйері денесіне Головкиннің портретін салдырды
Бокс жанкүйері британиялық Энди Рендлес қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің суретін өз денесіне салдырды.

Бұл туралы sports.kz хабарлайды.
Рендлес Головкиннің бейнесін сол жақ иық тұсына салған. Уэльс тұрғыны осылайша қазақстандық боксшыға деген құрметін білдіргісі келген сыңайлы. Оның қарының ішкі тұсында америкалық аңыз боксшы Майк Тайсонның портреті салынған екен.
Желі қолданушылары оның екі суретті де қараша айының аяғында салдырғанын жарыса жазуда.
Еске сала кетейік, Головкин жуырда ғана Гиннестің рекордтар кітабына кірген болатын.
Оқи отырыңыз:
Криштиану Роналду төртінші мәрте “Алтын доп” иегері атанды
Футбол тарихындағы ең қитұрқы пенальти желі қолданушыларын таңғалдырды (видео)
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады