Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британиялық әйел 42 жасында 20 баланың анасы атанды (фото)

Қазіргі кезде әйелдердің басым көпшілігі үш баладан артық босанбайды. Жүктілік – организм үшін күрделі процесс, ал бала тәрбиелеу одан да қиын. Алайда Ұлыбритания тұрғыны Сью Редфорд қиындықтан қорықпай, 20-шы рет ана атанды.

1505988695_g_50beef5c1abbe3b9a2ec8128fd0cc203_2_140

Бұл туралы The Sun хабарлайды.

18 қыркүйек күні Арчи есімді ұлын дүниеге әкелген Редфорд Ұлыбританиядағы ең көп балалы ана атанды. Оның сөзінше, күйеуі екеуі ұлдарының жарық дүниеге келуін асыға күтіпті. Қазір олардың отбасында 11 ұл, 9 қыз бар.

1505988630_g_3ebeefc65fadc1ba53bf4fa0153a25b9_2_140

Өзін күйеуінің қолдайтынын айтқан әйел енді әрі қарай отбасын кеңейтпейтіндерін айтты. “Ұлымыздың аман-сау өмірге келгеніне қуаныштымын. Енді балалы болмайтынымды ойлау қиын”, – дейді Сью.

1505988677_g_76beeff4296aa3c5449e81de7b0e076c_2_140

Сью мен Ноель балалар үйінде танысқан. Алғашқы баласын 14 жасында өмірге алып келген соң, бірден отбасын құрыпты. Содан бері ол тағы 19 баланы босанған.

2017092116100461864_g_3ebeef99db7ee172617afe9ee7fb5ba9_2_140

Ол балаларының өмірге келген күнін шатастырмайды екен. Ал күйеуі болса анда-санда балаларының туған күнін ұмытып қалатын көрінеді.

Оқи отырыңыз:

Портретті шабадан: Әуежайда жүкті тез табудың оңтайлы жолы

Британдық дизайнер адам қарнына ұқсас сөмке жасап шығарды (фото)

Әлемдегі ең танымал миллиардерлердің балалық шағы қалай өтті? (фото)

Жыныс мүшесі зілтемірге қысылып қалған ер адам жұртты күлкіге қарық қылды (фото)

Талқылау