Британдық дәрігерлер алғаш рет адамзат баласын АИТВ (ВИЧ) дертінен айықтырды
Оксфорд және Кембридж университеттерінің, сонымен қатар Лондонның университеттік және корольдік колледждерінің британиялық ғалымдары ересек адамның АИТВ ауруынан емделгені жайлы хабарлады, деп жазады The Sunday Times.
44 жастағы британдық АИТВ ауруынан емделді. Ол арнайы вирусқа қарсы терапиядан сәтті өткен 50 адамның алғашқысы. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, жаңа әдіс барлық ағзадағы АИТВ-ны тауып, жоюға қауқарлы. Зерттеу көрсеткендей, терапиядан өткен соң оның қанындағы вирустың аз болғаны соншалық, тіпті сараптама нәтижесі теріс болған.
ДДСҰ мәліметінше, 2014 жылға қарай әлемдегі шамамен 37 миллион адам АИТВ жұқтырған. Ал 34 миллион адам осы ауру салдарынан қаза тапқан. Жыл сайын бұл вирустан 1,5 миллион адам ажал құшқан, 2,2 миллионға жуығы вирусты «тасымалдаған». Вирусқа қарсы терапияны ауыратындардың жартысына жуығы ғана қабылдайды.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандық банктер несие пайызын төмендетуі мүмкін
Өскеменде оқушы қыз өзіне қол жұмсағысы келетіні жөнінде желідегі парақшасында жазған
Жаратушы аян берген 69 жастағы қария 18 жылдан бері орманда үңгір қазып келеді (фото)
Әйел адам саябақтағы жансыз динозаврмен жыныстық қатынасқа түскен (фото)