Үй шаруасындағы әйел бананның ішінен адам өміріне қауіпті өрмекші тауып алды
Британдық отбасы адам өміріне қауіп төндіретін өрмекші қаптап кеткеннен кейін өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Қауіпті жәндік бананның ішінен шыққан.
Британдық Эшли Ньюкомб супермаркеттен азық-түлік алып, үйіне қайтқан. Азықтарды реттестіріп жатқан үй шаруасындағы әйел бананның ішінен қозғалып тұрған жәндікті байқаған. Шошып қалған Софи қолындағы жемісті лақтыра салды. Сол сәтте-ақ, бананның ішінен кішкентай өрмекшілер тобы шыға бастапты, деп хабарлайды life.ru.
Бұл жәндіктердің бразилиялық өрмекші екендігі анықталды. Олар әлемдегі ең қауіпті жәндікке жатады. Өрмекшінің бұл түрі шағып алса, адам небәрі бірнеше сағаттың ішінде өліп кетеді. Егер жәндіктің құрбаны ер адам болса, онда оның шағуы еркекте 4 сағатқа созылатын ауыр эрекция туғызады. Дер кезінде уды қайтарғышты екпесе, адам өмірімен қош айтысады. Ал ең ұтымды жағдайда адам шайқалып, басы айналып, артериалды қан қысымы жоғарылап, құсуы мүмкін, сондай-ақ, тыныс алуы қиындайды.
Софидің күйеуі Эшли жәндіктерді шаңсорғышпен сорып алмақшы болған. Алайда олардың көптігі соншалық, жәндіктер үйдің бұрыш-бұрышына тарап кеткен. Ньюкомбтар отбасы далаға қарай балаларын ала жүгірді.
Эшлидің айтуынша, жәндіктер өз ұясынан шыға бастаған. «Құдды қорқынышты фильмдердегідей», – дейді әйел. Отбасы өмірлеріне қауіп төндіретін жәндіктің кесірінен үйіне қайтпай отыр. Ньюкомбтар дезинфекцияның жүргізу үшін жергілікті супермаркеттен шығынды өтеп беруді талап етіп отыр.
Алайда компания үйді тазартуын төлеуге асығар емес. Басшылық бар болғаны отбасыдан кешірім сұраумен құтылған. Айтуларынша, мұндай жағдай сирек кездеседі екен. Ал супермаркет қызметкерлерінің бірі Эшлиге былай деген: «Ештеңе етпейді, жақында өрмекшілер өздері-ақ өліп қалады. Қаласаңыздар, сіздерге бананның ақшасын қайтарып берейін?».
‘”
Жіберіп алмаңыз:
Ғалымдар: фильм көру ауруды басуға көмектеседі
2,33 метрге жеткен американдық жігіттің бойы әлі де өсуде (фото)