Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британдықтар Ғалымжан Кенжебекті өз командасына қосуды жоспарлап отыр

Ғалымжан КенжебекФото: ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасы мен “Елімай” клубының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебекке тағы бір Еуропалық команда көз тігуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

The Courier Sport басылымының ақпаратыны сәйкес “Данди Юнайтедтің” бас бапкері Джим Гудвин 22 жастағы Ғалымжан Кенжебеккк қызығушылық танытып отырғанын жазды.

“Қысқы трансфер терезесіне лайықты түрде дайындалып жатырмыз. Кенжебек көптеген клубтың шорт-парағында тұрғанына сенімдімін. Біз команданы күшейтуді көздейміз, қаңтарда не болатынын көрейік. Бұл оңай кезең емес, бірақ бізге мықты ойыншылар керек”, – деді бапкер.

Бапкердің айтуынша қазіргі құрамада жаман емес, алайда дегенмен сол шепте ойнайтын тағы бір футболшы керек екенін алға тартты.

“Қазіргі құрам жаман емес, дегенмен сол шепте ойнайтын тағы бір футболшы керек. Егер қолжетімді әрі бізге сай келетін нұсқа пайда болса, онда міндетті түрде әрекет етіп көреміз”, – деді Гудвин.

Айта кетейік, бұған дейін Ғалымжан Кенжебекке “Бавария” Түркия Суперлигасының бірнеше клубы сондай-ақ  "Хартс" клубы және Португалия, Чехия мен Грекия командалары да ықылас аударған еді.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 21 Қараша, 2025 00:04
Талқылау