Cарапшылар: Коронавирус пандемиясы 2021 жылдың көктеміне дейін созылады
Ұлыбританияның денсаулық сақтау жөніндегі сарапшылары коронавирус пандемиясы 2021 жылдың көктеміне дейін жалғасып, британдықтардың 80 пайызын қамтып өтетіндігін болжап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алдағы 12 айдың ішінде Ұлыбритания тұрғындарының 80%-ы COVID-19 коронавирусына шалдығады. Олардың 15%-ына, яғни 7,9 млн-ға жуық азамат ауруханаға жатуға мәжбүр болады", - делінген британдық дәрігерлер жариялаған құжатта.
Қазіргі таңда аталмыш құжат мемлекеттегі барлық ауруханалардың жетекшілеріне және бас дәрігерлеріне жолданған.
Сондай-ақ бұл құжатты Біріккен Корольдіктегі бір топ сарапшылар дайындап шыққаны айтылыпты.
Мамандардың болжауынша, Ұлыбританияда ауру жұқтырғандардың саны өсе келе мамыр-маусым айларында шарықтау шегіне жетеді екен.
Атап кетерлік жайт, ДДСҰ мәліметіне сәйкес, бүгінгі күні Ұлыбританияда ауруға шалдыққандардың саны мыңнан асып, жұқпалы індеттен 10 адам көз жұмған.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"