Бразилиялық модель Ракель Сантос пластикалық операциядан соң көз жұмды
Бразилиядағы сұлулық конкурсында екінші орын алған модель Ракель Сантос пластикалық операция жасатқаннан кейін көп ұзамай көз жұмды.
28 жасар Сантос әжімдерді кетіру үшін Potenay аппаратынан жіберілген дәріден кейін, жүрек талмасынан қайтыс болды. Ол ауа жетпегендіктен және жүрек соғуының жиілегенін айтып шағымданған. Алайда ауруханаға жөнелтілген Сантосты дәрігерлер құтқарып қала алмады.
Моделдің өлімнің нақты неден болғанына байланысты Рио-де-Жанейро полициясы айналысып, тіпті оның жерлеу рәсімін де кейінге шегерген. Олар өлімнің бірден-бір себебі, арудың жасырын препаратты қолданғандығынан болуы мүмкін деп күдіктеніп отыр.
Сантостың сүйіктісі Жилберту Азеведоның айтуынша, ол көп темекі тартқан және Potenay дәрілеріне қатты қызығушылық танытатын болған. Жүргізген процедура тым қарапайым әрі қауіпсіз өткізілді деп, Сантосқа пластикалық операция жасаған хирург Вагнер Мораиш жауапкершілікті өзіне алудан бас тартқан. Дәрігер, сұлудың ауруының асқынып кетуінің себебі, тыйым салынған дәрілерді көп пайдаланып қойғандығынан деп есептейді.
Ракель Сантос 2015 жылдың желтоқсан айында Musa do Brasil сұлулық сайысында екінші орын алған еді. Оның 7 және 13 жасар екі ұлы қалды.