Бразилияда Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігін зерттеу басталды
Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың рейстіркегіштерін Бразилиядағы авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы тексеріп жатыр. Онда Әзірбайжан, Қазақстан және Ресей өкілдері де бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Agência Brasil" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сарапшылар қазірдің өзінде рейстіркегіштердегі деректерді зерттей бастады.
Қазір негізгі жұмыс – ұшқыштардың дауыстарының жазбалары мен ұшақтың апатқа ұшыраған сәтке дейінгі бүкілақпаратты қамтитын қара жәшіктерден деректерді алу және талдау.
"Бразилиядағы тергеушілер кабинадағы сөйлесулердің аудио тректерімен және ұшақтың ұшу деректерін тіркеуіштермен жұмыс істеп жатыр. CENIPA мамандары жағдайды модельдеу, ұшақтың жылдамдығын, оның траекториясын дәл бағалау және өз қорытындыларын жасау үшін компьютерлік технологияны пайдаланады", – деді Бразилияның әуе күштері.
Еске салсақ, Қазақстан үкіметі Ақтаудағы қайғылы оқиғаны толық әрі ашық тергеу үшін рейсті жазу құрылғыларын Бразилияға жіберу туралы шешім қабылдаған болатын.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген