Бразилия әуежайында жолаушылар ұшағы өртке оранды

Бразилияның Гуарульюс қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағында жолаушылар тасымалдайтын ұшақ өртке оранды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TV Globo басылыына сілтеме жасап хабарлайды.
LATAM әуекомпаниясына тиесілі Airbus A320 бортына жүзден астам жолаушы болған. Ұшақ Порту-Алегри қаласына ұшуы тиіс еді. Алайда жолаушылар мінген бойда оларды борттан түсуге шақырған.
LATAM өкілдерінің айтуынша, ұшақтағы жабдықтардың бірі өртеніп, содан шыққан түтін қауіпсіздік жүйелерін іске қосқан. Жолаушылар телетрап және авариялық үрленетін трап арқылы эвакуацияланды.
Өрттің нақты себебі мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Airbus мыңдаған әуе кемесінде аспаптық қате бар екенін мәлімдеген еді. Бұл рейстердің кешігуі мен тоқтатылуына әкелуі мүмкін екені айтылған.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті