Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Brand Analytics Conference Алматыда коммуникация және әлеуметтік медиа аналитикасы саласы сарапшыларының басын қосады

7 қыркүйекте InterContinental Almaty қонақүйінде Brand Analytics Conference Kazakhstan 2025 өтеді. Бұл – бизнес үшін әлеуметтік желілер мен әлеуметтік медианы қалай тиімді қолдануға болатынын зерттеу мен талдауға арналған Орталық Азиядағы ең үлкен іс-шара. 

BAconf конференциясы Қазақстанда екінші рет ұйымдастырылады және бұл жолы бұрынғыдан да ауқымдырақ өтеді деп жоспарланып отыр. Конференцияға брендтер, агенттіктер, зерттеу компаниялары, цифрлық платформалар мен аналитикалық шешімдер жасайтындар қатысып, бизнесті тиімді жүргізу үшін коммуникациядағы негізгі трендтерді және әлеуметтік медиа аналитикасын қалай қолдануға болатынын талқылайды. Бұл іс-шара брендтерді басқаратын және олардың беделіне жауапты барлық маман үшін маңызды. Оған директорлар мен топ-менеджерлер, PR және маркетинг командалары, зерттеушілер, SMM мамандары және клиенттермен жұмыс істейтін мамандар қатыса алады.

Конференцияға қатысандар үшін эксклюзив зерттеулер

Дәстүр бойынша, Brand Analytics Conference Kazakhstan бағдарламасы "Қазақстандағы әлеуметтік желілер: цифрлар мен трендтер, 2025 жылғы жаз" деген арнайы конференция үшін әзірленген зерттеумен басталады. Онда цифрлық платформалардың қазіргі жағдайы туралы жаңа деректер берілген. 2024 жылғы зерттеумен мына жерден танысуға болады.

“Бұл – нарық үшін ерекше, тәуелсіз зерттеу, себебі мұнда цифрлық платформалардың нақты әрі негізгі "күштер балансы" көрсетіледі және ұзақмерзімді стратегияларды, сондай-ақ тактикалық медиажоспарларды құруға бастапқы нүкте болып саналады. Зерттеудің ерекшелігі – әр платформада қазақ және орыс тілдері қалай қолданылатыны туралы деректердің бар екені. Бұл – маңызды нәрсе, себебі қазақ тіліндегі медиасфера орыс тіліндегі медиасфераға қарағанда мүлде “басқа әлемде өмір сүреді”. Зерттеудің екінші артықшылығы – пайдаланушылардың әлеуметтік желілердегі назарын есепке ала отырып жасалған БАҚ рейтингі. Бұл рейтинг медиажоспарлауда өте пайдалы құрал, себебі ол аудиторияның нақты қызығушылықтарына негізделген", – дейді Brand Analytics компаниясының стратегиялық коммуникациялар директоры Василий Черный.

Конференцияның серіктесі – Alvin Market компаниясы тағы бір эксклюзив зерттеуді ұсынады. Зерттеу өзекті тақырыпқа – пайдаланушылардың жасанды интеллектіні қалай қолданатыны мен оның үлгілеріне арналған. Көпшілік арасында жасанды интеллект кеңінен танылған соң, PR мамандары мен беделді басқару саласындағы мамандардың жаңа міндеті пайда болды. Бұл – цифрлық ізді бақылау, себебі бұл тікелей жасанды интеллектінің оқыту мәліметіне әсер етуі мүмкін. Ал жасанды интеллектінің берген жауаптарына қарай, пайдаланушылар арасында компанияның беделі қалыптасуы мүмкін. 

Маркетологтар мен PR мамандарының нарықтағы жаңа сынақтарын сарапшыларымен талқылау

Қазіргі коммуникация мамандары жаңа сынақтарға тап болып отыр. Олар, бір жағынан, коммуникация қарқынды дамып жатқан цифрлық ортаға тез бейімделуі қажет. Екінші жағынан, тұтынушылардың мәдениеті, тілі мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың сұранысына дәл жауап беруі керек. Конференция сарапшылары анаталитика арқылы осы қиындықтарды бизнестің тиімді мүмкіндіктеріне қалай айналдыруға болатынын талқылайды.  

Мынадай тақырыптар талқыланады: 

  • Коммуникациядағы тілдік және мәдени ерекшеліктер

  • Клиентке бағытталған жұмыс және талапшыл тұтынушылардың қалауын, сұранысын қамтамасыз ету

  • Контентті жекелендіру және инфлюенсерлермен тиімді жұмыс істеу жолы

  • Әртүрлі цифрлық платформаның ерекшеліктері

  • Digital-каналдардағы нәтижелерді өлшеу қажеттілігі

  • Жасанды интеллект салдарынан пайда болатын жаңа қауіптер және цифрлық ізді бақылау міндеті

Мониторинг жүйесін нақты уақыт режимінде көрсету

Конференциядағы қызық сәттердің бірі – Brand Analytics мониторинг жүйесінің нақты уақыттағы жұмысын көрсету. Қатысушылар залдан тікелей әртүрлі тілде және әлеуметтік желі арқылы хабарламалар жаза алады, ал жүйе оларды бірден тіркеп, қалай талдайтынын көрсетеді.

Ұйымдастырушылар:

  • Тек екі рет басып, өңдеуді қажет ететін теріс пікірлерді қалай табуға болатынын;

  • Дағдарысты тез басқару үшін ақпараттың бастапқы көзін қалай анықтауға болатынын;

  • Клиенттеріңіздің сіздің тауарыңыз бен қызметіңізге пікірін қалай көруге болатынын және басқа да көптеген пайдалы мүмкіндіктерді көрсетеді. 

Нақты уақыт режимінде көрсетудің мақсаты  – қатысушыларға мониторинг жүйесінен қалай жылдам әрі нақты пайда алуға болатынын көрсету және оны қолдануды бастауға мүмкіндік беру.

Аналитикалық құралдардың жаңалықтары және брендтер мен агенттіктердің тәжірибелік мысалдары

Бүгінде цифрлық платформаларды білмей және аналитиканы дұрыс қолданбай, тиімді коммуникацияны елестету мүмкін емес. Конференцияда SMM-аналитика саласындағы жаңа құралдар таныстырылады. Шағын және орта бизнеске арнайы назар аударылады: сарапшылар шағын әрі орта кәсіпке ірі брендтердің KPI-ларын көшірмей, өз сатылымдары мен клиентінің санына байланысты өз метрикаларын қалай жасау керегін көрсетеді.

Іс-шараның практикалық бөлімінде Tele2, TSPM, Nomad Insurance, Click, AMS, Сидорин Лаб, RQ/AMDG, ITCOMMS және басқа компаниялардың әлеуметтік медиа аналитикасы бойынша нақты кейстері ұсынылады.

"БАҚ пен әлеуметтік желілер аналитикасы PR маманы үшін офис қосымшалары сияқты міндетті құрал болуы керек. Бұл – тек мониторинг емес, дағдарыстарды алдын алу, трендтерді анықтау, маңызды ақпараттарды табу және жұмыс қаншалық тиімді екенін бағалау мүмкіндігі. Әрбір PR маманы конференцияға барып, медиамониторинг жұмысты қалай жеңілдететінін және нәтижесін қалай өлшеуге болатынын көргені жөн", – дейді ITCOMMS PR агенттігінің негізін қалаушы және Brand Analytics Conference Kazakhstan спикері Александр Лихтман.

Brand Analytics Conference Kazakhstan 2025 – коммуникацияны тиімді ету үшін жаңа идеялар мен шешімдерді үйренетін орын. Оған қатыспасаңыз, конференцияға келгендерді артынан қуып жүріп, ілесуге тура келеді. Сәтті коммуникацияның болашағына қадам осы жерде.

Наргиза Аршидин
Сәрсенбі, 10 Қыркүйек, 2025 13:43
Талқылау