Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құлап кеткен телефонын шығарып алмақ болған бойжеткен 7 сағат бойы жартастың арасында қыстырылып қалған

Аустралиялық Матильда Кэмпбелл iPhone телефонын алу үшін тар ойыққа құлап, денесімен төмен ілініп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Іndependent.co.uk порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Іndependent.co.uk

Жаңа Оңтүстік Уэльс жедел жәрдем қызметінің дерегінше, бойжеткеннің достары алдымен оны босатуға 1 сағат жұмсап, содан кейін көмек шақыруға мәжбүр болған.

12 қазанда Хантер алқабындағы келеңсіз жағдайға көп профильді құтқарушылар командасы көмекке келді. Олар шұңқырға кіру үшін бірнеше ауыр тастарды алып тастады. Содан кейін қыздың екі аяғы да ұстауға қолжетімді болғанда құтқарушылар Кэмпбеллді алдымен "иілгіш S-тәрізді бұрылыс" арқылы бірнеше футқа көтерді. Алайда бұл процесс 1 сағатқа созылды.

Бір ауыр 500 келі тасты жылжыту үшін арнайы ысырма құрылғысы пайдаланылды. Құтқару кезінде тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қатты ағаштан жақтаулар да жасалды.

"10 жылдық парамедик-құтқарушы ретінде мен ешқашан мұндай жаңдайға тап болған емеспін. Бұл оңай болған жоқ, бірақ бұдан тәжірибе жинадық. Әр мекеменің өз рөлі болды. Барлығымыз бір адамның өмірін құтқару үшін үйлесімді жұмыс істедік", – деді құтқарушы Питер Уотс.

Матильда Кэмпбелл шұңқырдан босатылып шыққанда тек жеңіл сызаттар мен соққылар алған. Алайда құтқару қызметі оның телефонын таба алмаған. 

"Әлемдегі ең көп оқыс жағдайларға ұшырайтын адам деп өзімді сенімді түрде айта аламын. Менде бәрі жақсы, тек бірнеше жарақатым бар. Денсаулығым қалпына келгеннен кейін тау-жартастарын зерттеуге қайта кірісемін. Мені шығару үшін осыншама еңбек еткен достарыма және құтқарушылар командасына алғысым шексіз. Егер олар болмаса, бүгін осында отырмасым анық еді", – деп жазды ару.



Еске салайық, бұған дейін АҚШ-та полиция қызметкерлері құрбандыққа шалына жаздаған әйелді құтқарып қалғанын жаздық. Мексикалық есірткі картельдерінің бірінің мүшесі Хавьер Санчес Мендоза көптеген жылдар бойы АҚШ-қа Мексикадан заңсыз адам саудасымен айналысқан. 2019 жылы оның қолынан құлдыққа өткен адамдардың арасында оған бір әйел ұнап қалған. Мендоза оны жеке құлы етіп жанында қалдырады. Алайда әйел құтқару қызметіне қоңырау шалып, содан кейін қашып үлгерген.

Талқылау