Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен шақырусыз келетін қонақтан мезі болғанын айтып жылады

Қазақстандық бойжеткен бір кездері өзін темірмен ұрған әжесіне деген ренішін білдірді. Мұнымен қатар, үйіне шақырусыз келетін жеңгесінен әбден мезі болғанын айтты.

Health3121

Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.

«Қазір 17 жастамын. Анамның інісінің 3 жасар баласы бар. Жеңгем күніге баласымен үйге келе береді. Өзіміз үйде 6 баламыз. Келгенімен қоймай, мені қатты шаршатады. Тұңғыш перзент болғандықтан, үйдің бар шаруасы менің мойнымда. Ал әлгі бауырым үйге келе салысымен, барлығын шаша бастайды. Осы күнге дейін үндемей келемін. Бірақ, соңғы кезде қатты шаршап жүрмін. Ал анам оны өз балаларынан артық көреді. Осы нәрсе жаныма қатты батады. Әлгі бауырым жыласа, менен көреді. «Сен балаға күн бермейтін болдың» деп ұрысады. Апам да осы бауырымды қатты жақсы көреді. Ол анамның ақшасына бола менің кіші бауырларыма қарайлап жүр.

Өз келіні ақша бермейді. Десе де, апам сол баланы қорғай береді. Алдында шыдамсыздық танытып, қатты айқайлап бердім. Кішкене кезімде үйді шашу дегенді білмеген екенмін. Бір рет қағаздарды шашқаным үшін жеңгем жерден алып, жерге салған болатын. Қазір осы айтқан сөздері есіме түсіп кетсе, қатты жылаймын. Апам сол кезде темірмен қатты ұрған еді.  Анам өзінің анасын жақтап отырады. Ал әкем әжемнің мені ұрғанын білмейді.

Сіңілдерімнің балабақшаға барып жүргендеріне бір жыл болды. Демалыс күндері жеңгем бала-шағасымен үйге келіп, бізге маза бермейді. Мен үйді жинап үлгермей жатсам, олар шашады. Өздері шашқан дүниелерді жинау дегенді білмейді. Анам бауырларымды қыдыртатын кезде, олар да қосылып алады. Барлығы үшін анам төлейді. Олар беттері бүлк етпей алып бергенін жей береді. Алматыда көп қыдырып, жақсы киінеді. Осы ситуациядан шыққым келеді. Анама осының барлығын қалай ашып айтсам екен? Оның менің жағдайымды түсінгенін қалаймын. Әйтпесе, жындыханадан бірақ шығуым мүмкін», – дейді Айдана Тасқараева.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Түсік тастаған әйел: Дәрігерлердің баламды пакетке салып бергені жаныма батты

Келіншек ай сайын ақша сұрайтын төркінінен қалай құтыларын білмей жүр

Жігіті пәктігіне сенбеген бойжеткен өзіне қол жұмсамақ болған

Үш қыздың анасы: Қайын сіңілім біздегі ұлын тартып ала ма деп қорқамын

Талқылау