Бойжеткен кірпік жалғатамын деп көзін аша алмай қалды
Канада тұрғыны кірпік жалғатып келгеннен кейін көзін аша алмай қалған. Бұл туралы Fox News арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.
Оттавалық 20 жастағы Изабель Кан (Isabelle Kun) 9-қаңтар күні жергілікті сұлулық салондардың бірінде кірпігін өсірген. Бірақ екі күн өткен соң қыздың көзі ісініп, тіпті аша алмай қалған.« Әрең жұтынып демалдым, жанымда жатқан дос қызымды да көре алмадым», – дейді Изабель.
Изабель Кан алғаш рет кірпік жалғатып тұрған жоқ, бұған дейін де айына бірнеше рет жасатқан. Соңғы барған сұлулық салонынан кейін оның көздері сәл ісіген. Бірақ Изабель кірпікке арналған желімнен аллергиялық реакция тууы мүмкін деп есептеген. “Алайда салон қызметкерлері де желімнің сапалы екенін айтқан соң, тағы бір рет кірпік жасатқанды жөн көрдім», – дейді қыз.
Ауруханада қызға антигистаминдік құрылғымен тазарту жасалғанына қарамастан, бір апта өтсе де көздің ісінуі тоқтамады.
«Менің көздерім нашарлады. Бір көзімнен сұйық көпіршік шығып кетті, бұл өте қорқынышты», – деп шағымданды ол.
Оқиғадан кейін сұлулық салоны сайтта кірпіктерді жалғату барысында аллергиялық реакциялар тууы мүмкін екенін ескертті.
Сара Дудың (Sara Du) айтуынша, клиент алдын ала аллергияның бар-жоғын тексеруді талап ете алады.
Осындай жағдайға тап болғанына қарамастан, табиғи кірпігіне көңілі толмайтын канадалық қыз кірпік өсіруді жалғастырамын деп отыр.
Жіберіп алмаңыз:
Ауғанстанда терактіден көз жұмған қазақстандық азамат бизнеспен айналысқан
Қабір қазуға бүкіл ауыл жиналды: Ақтөбедегі трагедия өзбек халқының қабырғасын қайыстырды