Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен фотодағы бір заттың көмегімен сүйіктісінің опасыздығын әшкереледі

Кени Хайес есімді бойжеткен сүйіктісі Кейтрик Денсонның опасыздығын әшкереледі. Оған Twitter қолданушылары көмектесті. 

Бойжеткен фотодағы бір заттың көмегімен сүйіктісінің опасыздығын әшкереледі

Хайес желіден сүйіктісінің өзге бойжеткенмен түскен суретін көріп қалды. Мұны түсіндіруін сұрағанда жігіт суреттің ескі екенін айтады. Алайда желі қолданушылары суретке түсіп қалған журналдың жаңа екенін ескертеді. Суретте көрініп қалған журналдың ескі емес, жаңа саны екенін көруге болады. Журналдың 2019 жылдың ақпан айында шыққаны жазылған. 

Суретке түскен бойжеткеннің өзі жауап берді. Ол жігітпен үш апта бұрын айырылысқанын айтты. Кейін қайта хабарласқан. 

"Мен оған хабарласып, кездескім келмейтінін айттым. Ол өзге біреумен қыдырып жүрді. Бірақ ол кезде басқамен кездесіп жүр деп ойламаппын", - дейді бойжеткен. 

Ол Хайеске жігіттің әрекетін дәлелдей алу үшін есімі жазылған түбіртекті қоса берген.

 

Талқылау