Бойжеткен бала күнінде зорланғанын бірнеше жылдан кейін ғана түсінген
22 жастағы бойжеткенді мектеп кезінде көршісі зорлаған екен. Ұятқа қаламын деген оймен ол бұл туралы ешкімге тіс жармаған. Осыдан кейін ол көпке дейін ер адамдардан қорқып жүрген. Жуырда өзі сүймейтін жігітке тұрмысқа шықпақ. Осы орайда бойжеткен қандай шешім қабылдарын білмегендіктен, жұрттан ақыл сұрады.
Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.
“Кішкентай кезімде көрші ер адам зорлаған болатын. Ол кезде дұрыс түсінбедім бе, қорықтым ба білмеймін. Бірақ, бұл туралы әке-шешеме айта алмадым. Сол жағдайдан кейін жігіт атаулысынан қорқатын болдым. Қала аралық автобустардың ішінде тұрғанда да ер адамдарға жақындамауға тырысамын. Тіпті, үйде анамның інілерімен немесе жездеммен жалғыз қалуға қорқатынмын. Олардың ойына ондай нәрсе кіріп те шықпаған шығар. Өсе келе ол қорқыныштан арылдым. Бірақ, әлі күнге дейін жігіттермен дұрыс қарым-қатынас құра алмай келемін. 22 жасқа келсем де, жігітім болған емес. Жігіттер сөйлеген сайын тұйық болып кетемін.
Танысқысы келетіндерін айтқандардан бойымды аулақ ұстауға тырысамын. 4 ай психолог маманға қаралдым. Айтайын деген мәселем жуырда тұрмысқа шығатынымда болып отыр. Жүріп жүрген жігітіме емес, таныс арқылы отбасын құрмақпын. Мен күйеуге шыққалы отырған жігіт те мен секілді тұйық екен. Ата-анам бізді таныстырған жақындарымызға риза болып жүр. Ал өзімде сезім жоқ. Өмір бойы өзім шын сүйген адамға тұрмысқа шығуды армандайтынмын. Бірақ, амалсыз тұрмысқа шығып барамын. Бір шетінен жасым да келіп қалды. Қандай әйел, қандай ана болады екенмін? Өз ойларыңызды ортаға сала отырыңыздаршы. Көзімді жұмып күйеуге шығып кетейін бе? Әлде біреудің өмірін құртпай тұрғанымда барлығын доғарайын ба?” – дейді бойжеткен.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
34 жастағы келіншек алғашқы махаббатын сағынып күйеуін тастап кеткен
Бойжеткен маскүнем әкесінен көрген қорлығы туралы айтып жылады
35 жастағы әйел өзінің отырып қалғанына төркіншіл анасын айыптады
Келіншек екінші күйеуін көңілдесінен қалай ажыратып аларын білмей жүр