Аспаз кеңестері: ботқаны қалай дұрыс дайындау керек
Ботқа қарапайым ас көрінгенімен, оны дайындаудың да өз құпиялары бар.
Алдымен сүт қосып пісірілген күріш ботқасына тоқталғым келеді. Оны балабақшада түскі асқа жегеніңіз есіңізде ме? Ал дәмі ше? Күріш ботқасын үйде қанша әзірлесек те, неліктен балабақшадағыдай болып шықпайды? Себебі ол жерде ботқаны былай жасайды: Қайнаған сүтке қант, тұз қосып, күріш салады. Оны қайнатып, оттан алады. Май қосып, қақпағын жауып қояды. 20-30 минуттан кейін күріш өздігінен ісінеді.
Күріш (ботқа үшін домалақ түрін таңдағаныңыз жөн) пропорциясы: 1 литр сүтке 1 стақан күріш.
Егер үйде сүт ботқасын дайындағыңыз келсе, оны дайын болғанша пісірмеңіз. Түбі күйіп кеткенше оттан алуға тырысыңыз. Есесіне артынан өзіңізге де қиындық туғызбайды.
Қайнағаннан кейін жарманы сүтте 1-2 минут араластырып тұрып пісіріңіз. Мұнан кейін ыдысты оттан алып, жылы жерге қойыңыз. Үстіне қалың сүлгі, шүберек жауып қоюыңызға болады. Біраз уақыттан кейін жарма өзі ісініп, нәтижесінде ботқа дәмді әрі қою болады.
Қарақұмықты дайындаудан бір түн бұрын суға салып қоюға болады. Таңертең тек қайнатсаңыз болғаны, дәмді құрақұмық ботқасын дайын.
Геркулесті сұйық етіп дайындаған жөн. 1 литр сүтке 7-8 ас қасық сұлы жармасын қосқаныңыз жеткілікті.
Мұнан соң бірден керамикалық ыдысқа құйып алып, қақпағын жауып қою керек. Бір түнге қалдырсаңыз, таңертең геркулес ботқасының тіл үйірер дәмінен ләззат аласыз. Ботқаны ұсынар алдында микротолқынды пеште жылытуыңызға болады.
Ал ұнтақ жармасын әзірлеу үшін, 1 литр сүтке 4 ас қасық ұнтақ жармасын салыңыз. Бірнеше минут қайнатып, оттан алыңыз. Толық дайын болу үшін, 20 минутқа қалдырыңыз.
Ал үйіңізде пеш жағатын болсаңыз, арпа жармасын мына әдіс бойынша әзірлеп көріңіз. Бірнеше уыс арпа жармасын жуып, шойын ыдысқа салыңыз. Су құйып, тұз, май қосыңыз. Ыдыстың қақпағын жауып, суып бастаған пешке қойыңыз. Таңертеңге дейін осы күйінде қалдырыңыз. Ал таңертең дәмді әрі жылы ботқаны сүйсініп жейтініңіз анық.
Астарыңыз дәмді болсын!