Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бомба жарылғандай болды": Алматыдағы ұшақ апатының куәгерлері оқиға туралы айтып берді

Алматыда болған ұшақ апатына қатысты оқиғаны сол маңдағы үйлердің тұрғындары айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап. 

Оқыс оқиға кезінде Қызыл Ту ауылының тұрғыны Әсет үйінде болған. Бір уақытта қатты дыбыс естілген көрінеді. Артынша жарылыс болған. 

"Бомба жарылғандай әсер болды. Өте қатты жарылыс болды. Біз қатты қорқып кеттік. Далаға бірден шығып қараған кезде ұшақ құлағанын көрдік", - дейді Қызыл Ту ауылының тұрғыны Әсет. 

13 наурызда Алматы әуежайы маңында ҰҚК Авиациялық қызметінің ұшағы апатқа ұшырады.

Қазіргі уақытта дәрігерлер апатта аман қалған екі адамның өмірі үшін күресуде. Олардың жағдайы өте ауыр. Бір зардап шегуші денесінің 50 пайызын, екіншісі денесінің 30 пайызын күйік шалған. Емдеуге дәрігерлердің жеке құрамы, соның ішінде қаланың бас реаниматологы жұмылдырылды.

Ұшақ апаты төрт адамның өмірін қиды. Аға лейтенант Досжан Баймұратов (43 жаста), сержант Евгений Васильков (34 жаста), лейтенант Мұхтар Сағынбаев (26 жаста), майор Ғабит Барлықбаев (34 жаста) апатта қаза тапты. 

 

Талқылау