Болманов: Жанар екеуміз бір бөлмеде, бір көрпені жамылып жататын дос болғанбыз
Қыдырәлі Болманов әріптесі Жанар Айжанованы өзінің инстаграмдағы парақшасында туған күнімен құттықтап, арадағы жазылмас достығы туралы жазды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әншінің айтуынша, өзі “Құласаң, нардан құла” деп “Азия дауысы” байқауына дайындалып жүрген кезде танысқан. Ол кезде Жанар Айжанованың аты Алашқа таралып үлгеріп, көпшілік арасында танымал болған. Концерттеріне халық билет таппай, әрең кіретін көрінеді.
Жанар Айжанова концерттердің біріне Қыдырәліні де көмегің керек деп өзімен бірге ала барады. Бірі сахнада өнер көрсетіп жатқанда екіншісі есеп-қисапты реттейді, Қыдырәлі гитарамен ән салғанда, Жанар демалып үлгереді. Тіпті, қонақүйде бірге түнеп, Шварцнеггер, Брюс Ли, Джеки Чан сынды актерлердің фильмдерін бірге қараған екен. Бұл туралы өзінің инстаграмдағы парақшасында “Соны қарап отырып, кейде құшақтасып ұйықтай салатынбыз. Бірақ қасымда қыз бала жатыр-ау, былай қылсам қалай болады деп бір де бір рет басымды қатырмаппын… Бота көзін сүзбесе, буыршын бұйдасын үзбейді деген… Соған қарамай, ардан аттамадық, арамызда адалдықтан өрбіген абырой қалды… Алла куә!!!”,- деп жазып, жары Қарақатпен бірге туған күнімен құттықтады.
Жанар Айжанованың өзі осы жайтты журналистерге берген сұхбатында да бірнеше рет айтқан.
“Кейде елді аралап ұзақ жүріп қаламыз. Күн райы да өзгеріп кетеді. Ол менің костюмдерімді (сырт киім) киіп алып жүреберетін. Тіпті сөйтіп жүріп суретке де түсетінбіз”,-деген еді Жанар Айжанова.