Болманов: Қазақ эстрадасындағы алғашқы бейнебаянға екі бөлмелі пәтердің ақшасын жұмсадым
Танымал продюсер Қыдырәлі Болманов қазақ эстрадасының құрылу тарихына көз жүгіртті. «АБК» тобының құрылуын, қазақ сахнасында топырлаған ресейлік әншілер жүрген шақты еске алған ол бүгінгі күнге шүкіршілік айтты.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«…Осыдан 20 жыл бұрын тұңғыш рет АБК тобын құрдым… Не iстеу керек екенiн бiлмеймiн, бiрақ пайымдаймын…Продюсер деген не екенiн ешкiм бiлмейдi… Совет үкiметi тарқап, тәуелсiздiк алғанымызға 5-ақ жыл болған…. Не Кеңестер Одағы емес, не Қазақстан қалыптасып үлгермеген “дүбәра” уақыт… Елде тек Ресей әншiлерi концерт қоятын, зал жинайтын… Өзiмiзде де Кирил Ли, Парвиз Назаров, «Арт-клуб» тобы, Дуэт-Л… деген сияқты тек орысша айтатын, Ресей форматын қайталаушы әншiлер де жетерлiк… Ендi осы қатып қалған мұзды жарып қана қоймай, тегiс ысырып, сыпырып тастау керек. Менiң тобым қазақша әндi өзгеше насихаттап, екi тiлдi бауырларды бiрге тыңдата алатын деңгейi бар, елең еткiзер әнi бар топ болуы керек.. Қалай бастасам? Қазаққа жат, төл өнерiнiң дамуына қайшы Шоу-Бизнес деген бiрдеңе келдi…», – деп бастады сөзін Болманов желідегі жазбасында.
Одан кейін Болманов «продюсер» деп аталатын мамандыққа қажеттіліктің туындағанын түсінгенін айтты.
«Оны игерiп, алып кетуiмiз қажет. Ол үшiн ең бiрiншi бiлiм қажет!!! Шоу-Бизнестi түсiндiрiп беретiн бiр жан жоқ… Не кiтап, не институт, не “мастерсқойлар” жоқ… Ақша да жоқ… Ән де жоқ… Есесiне Асқақ арман, мақсат, Орда бұзар жүрек, iште кайнаған от, ақ адал ниет, тiреп тұрған намыс, қолдайтын Алламыз бар!!! Ерланым, Медеуiм бар…» – деп жалғады сөзін продюсер.
Әрі қарай Болманов кезінде «АБК» тобы орындаған «Тамшылар» әнінің жарыққа келу тарихын әңгімелеп берді. Қазір бұл әнді продюсер жұбайы, әнші Қарақат Әбілдинамен бірге орындап жүр. Қарақат та бүгін Қыдырәліге ең алғаш осы ән арқылы ғашық болғанын мойындаған еді. Ал Қыдырәлі Қазақстандағы ең алғашқы бейнебаянды Алматыдағы екі бөлмелі пәтердің бағасына Ақан Сатаевқа түсірткенін мәлімдеді.
«Негiзi «Тамшылар» әнi 35-жылдар бұрын жазылған, жезқазғандық Ахмедия Есмұханов ағамыздың әнi, сөзi Өтеген Күмiсбаев ағамыздікі… Бала кезiмнен естiп, әбден жадыма сiңiп кеткен ән.. Ойлап қарасам «Тамшылар» “хит” болғысы келiп-ақ тұрған сияқты… Ақан Сатаевты ол кезде менен басқа ешкiм танымайтын, фильм тұрмақ, клип те түсiрiп көрмеген. Мен оның талантты екенiн сезетiнмiн. Сол Ақанға түсiрттiм. 7 000 доллар. Алматыдан екi бөлмелi пәтердiң бағасы… Таптым. Түсiрдiк. Тарихымызда қазақша ән де барлық орыс-казақ тiлдi радио, тв-Хит-парадтардың ең биiктерiне көтерiле алатынын көрсеттi. Тiптi, Украина, Ресей хит-парадтарына жеттi.. Тарихымызда тұңғыш бейнебаян түсiрiлдi.. Стадион жиналды.. Бүгiн Ресей жұлдыздары сахнамыздан жоғалды… Орысша айтқыштар бәрi қазақша айтатын болды.. Ал басы осылай басталған… Аллаға сансыз мадақ!!!» – деп түйіндеді сөзін Болманов.
Желі қолданушылары Болмановтың қазақ өнерінің дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады.
«Қазақтың мақтан тұтарлық жігіттері сіз сияқты армандаса, сіз сияқты сөйлесе Қазақстан әжептеуір биікке көтерілер еді», «Сізбен мақтанамыз», «Қазақтың мақтанышы», «Қыдырәлі бауырымыздай қазақ ұлдарының көп болғанын қалаймын», «Елімізде сіз сияқты азаматтар көп болсын», – деп пікір білдірді желі қолданушылары.
Жіберіп алмаңыз:
Әнші, продюсер, кәсіпкер Болманов енді ғылым профессоры атанды
Қыдырәлі Болманов ауылының “креативті” қолжуғыштарын көрсетті (фото)
Қыдырәлі Болманов өзін “Сәуле Әбединованың жолдасы болған” дегендерге жауап берді