"Болашақтан келген": Елімізде белгілі дүкендер желісі алдағы мерзімі көрсетілген өнімді сатқан
Желіде SMALL дүкендер желісіне қарасты Spar супермаркетінде алдағы мерзімі көрсетілген өнім сатылып жатқаны түсірілген фото тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Facebook Кирилл Павлов
Facebook қолданушысы Кирилл Павлов Spar супермаркетіне барып, қызық жағдайға тап болғанын жеткізді. Ол желіде сурет жариялап, оны 17 желтоқсанда түсіргенін, алайда өнімнің шығарылған мерзімі 19 желтоқсан деп көрсетілгенін жеткізген.
"Фантастикалық өнім. Spar супермаркеті болашаққа саяхаттағанды ұнататындар үшін алдағы екі күннен таңғажайып тұшпара әкеліпті. Әсіресе сыншылар үшін кеше шығарылған өнімдердің қандай болатынын көрсетейін. Қалған өнімдердің мерзімі өтіп кеткен немесе кеше шығарылған", – деп жазды Кирилл Павлов.
Оның желідегі жазбасына желі қолданушылары да түрлі пікір білдірді.
"Басқа супермаркеттерден де өнім сыртынан алдағы мерзім жазылғанын көргенмін", "Өнімдерді ешкім тексермейді. Құрамын да, мерзімін де бақыламайды. Содан кейін олар да қалағанын жазады. Осындай мерзімнің жазылатынын да сондықтан шығар", "Иә, демалыссыз жұмыс істейді", "Сіз өзіңіз дүкенге екі күн бұрын барып қойған сияқтысыз", – деп жазды олар.
Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі SMALL дүкендер желісінен мән-жайды сұрап көрді. Алайда дүкендер желісі бірде-бір қоңырауға жауап бермеді.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда Fix Price дүкендер желісінің иесі 6 миллион теңге заңсыз айыппұл арқалағаны туралы жазған едік.