"Болашақта көресіздер": Құралай Анарбекова блогер NNN-мен қарым-қатынасын айтты
Отандық киножұлдыз, продюсер Құралай Анарбекова жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/nnnurdaylet/
Сондай-ақ, белгілі блогер NNN-мен өзін не байланыстыратынын да журналист Дина Төлепбергенге жасырмады.
“Біз бірге жұмыс істедік, алдағы уақытта да бірге жұмыс істейміз. Жақсы доспыз, көп сөйлесеміз. Қалғанын болашақта көресіздер. Әзірге айтарым жоқ", – деді актриса.
Одан кейін жалғыз қалудан қорықпайтынын да мойындап, бәрі адамның өзіне байланысты екенін айтты.
"Жалғыздықтан қорықпаймын. Бәрі адамның қолында. Бұл өмірде қолыңнан келмейтін нәрсе жоқ. Егер адам қаласа, қасына адам алуға болады. Құдай өзі кешірсін. Бірақ мен жалғыздықтан қашпаймын, мен түк жасамаудан, деградациядан қорқамын. Бір орында тұрып қалудан қорқамын", – деді киножұлдыз.
Еске салайық, Құралай Анарбекова мәһрге 2000 кітап сұрайтынын айтқан еді.