Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Болашақта 30 миллион адам жұмысынан айырылады - Сарапшылар

Жасанды интеллекттің дамуы нәтижесінде әкімшілік қызметкерлер мен заңгерлер жұмысынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Goldman Sachs инвестициялық банкінің зерттеуінде айтылған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

робот

Жасанды интеллект әкімшілік сектордағы міндеттердің 46%-на дейін және заң cаласында 44%-ға дейін орындай алады. Құрылыс индустриясында немесе техникалық қызмет көрсетуде жұмысты тиісінше 6 және 4% ғана автоматтандыруға болады.

Goldman Sachs жақын арада AI қызметтерімен байланысты қосымша жұмыс орындары пайда болатынын атап өтті. Сарапшылар әлемдік ЖІӨ 10 жылда 7%-ға өседі деп болжады.

Сондай-ақ, қазіргі мамандықтардың 60%-ы 1940 жылы болмаған. Алайда 1980 жылдардан бастап технологиялық өзгерістер жұмыс орындарына әсер етті. Генеративті AI (мәтін сияқты жаңа түпнұсқа ақпарат дайындайды) де өзгеріс енгізіп, жұмыс деңгейін төмендетеді.

Сарапшылар роботтар адамды ауыстырады дегенді жоққа шығармады. Жасанды интеллект және адамның бір қоғамда өмір сүруі көп ұзамай үйреншікті жағдайға айналады.

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 29 Наурыз, 2023 07:55
Талқылау
`