"Болашақ сыртқы істер министрі": 23 мемлекеттің туын мүдірмей айтқан бүлдіршін жұртты сүйсіндірді (видео)
Әлеуметтік желіде Қайдар Қанат есімді бүлдіршіннің жиырмадан астам елдің туын мүдірмей, жатқа айтқан видеосы тарады. Желі қолданушылары баланың алғырлығына тәнті болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Қайдар Қанат есімді 4 жастағы бүлдіршін 23 елдің мемлекеттік туын жатқа айтты. Ол видеода анасы көрсеткен тудың суреттері ойланбастан қай елге тиесілі екенін атады.
Бүлдіршін Өзбекстан, Қытай, Жапония, Грузия, Ұлыбритания, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Франция, Швейцария, Чехия, Грекия, АҚШ, Канада, Италия, Түркия, Мальдив аралдары, Швеция, Испания,Мексика, Беларусь, Оңтүстік Корея, Германия елдерін атап өтті.
Бір қызығы Қырғызстанның туын көргенде Қайдар “Қазақ-қырғыз бір туған” деп айтып қалды.
Бүлдіршіннің тәтті тілі мен алғырлығына сүйсінеген көпшілік баланың кейбір ересектерден де ақылды екенін айтып жатты.
“Өзі ақылды”, “Мынаның көбін мен білмеймін”, “Швейцарияның туын дәріхана деп едім”, “Неше жоғары білімі бар?”, “Жаттап алу керек еді, мына баладан ұят болды”, “Болашақ сыртқы істер министрлігі”, “Қазақ-қырғыз бір туған” деген тіліңінен”, “Отырысының өзі бөлек қой”, – деп жазды желі қолданушылары.
@kamposh.tv #флагимира #развивашки #детскиеигры #учимстраны #обучение #казаккыргызбиртууган🇰🇬🇰🇿 #кампош #мамакампош ♬ оригинальный звук - Zhanna