"Болашағыңды болжап беремін": Астанада TikTok-тағы жарнамасынан кейін ер адам ұсталды
Фото: pixabay.com
Астанада TikTok арқылы адамдарды алдады деп айыпталған ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ішкі істер министрлігінің ақпараттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Полицейлер Астанада Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері 43 жастағы ер адамды ұстағанын мәлімдеді.
Ол өзін "көріпкелмін", “болашағыңды болжай аламын" деп таныстырып, TikTok әлеуметтік желісі арқылы жарнама таратып, елді алдап келген. Күдіктінің кем дегенде екі алаяқтық әрекетке қатысы бар екені анықталған.
Полиция дерегінше, бірінші жағдайда ол бір тұрғынға жалған қызмет көрсетемін деп, 250 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Жәбірленуші бұл соманы күдіктінің жеке есепшотына аударған. Алайда күдікті ақшаны қайтармаған.
“Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті кінәсін толық мойындады”, – дейді ІІМ өкілдері.
Полицейлер тұрғындарды сақ болуға, күмәнді адамдар мен жалған "көріпкелдердің" уәдесіне сенбеуге шақырады.

22 жастағы қазақстандық қыздан асқынған сатыдағы қатерлі ісік анықталды: Ол диагнозды жүкті кезінде білген
