Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокстан жастар арасындағы әлем кубогында Қазақстан құрамасы 27 жүлде жеңіп алды

Бокстан Черногорияның Будва қаласында жастар арасындағы әлем кубогында Қазақстан құрамасы рекорд орнатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Әлем кубогында Қазақстан жастар құрамасы 27 медаль жеңіп алды.

Бұл жарыста Нығман Нығмет (57 кг), Жасұлан Бердалы (75 кг), Регина Тибенева (57 кг) және Ақбота Есімбекова (66 кг) жеңімпаз атанды.  

Қазақстан құрамасы Будвадағы бәсекеде 11 күміс жүлде жеңіп алды. Олар: Алдияр Бахадур (54 кг), Игорь Соловьев (75 кг), Санжар Сейтқамит (92 кг), Бексұлтан Қайратұлы (92+ кг), Рахмина Абдумежитова (52 кг), Ақнұр Тұрсынғали (57 кг), Алина Құдайгенова (63 кг), Айсұлу Мұхит (66 кг), Мария Сидоренко (70 кг), Зарина Толыбай (75 кг), Сабина Жақсылық (81+ кг).  

Ал қола жүлде иегерлері: Нұрхан Құмарбеков (48 кг), Бексұлтан Хұжамжар (48 кг), Айдос Үсенов (51 кг), Әли Мұрат (54 кг), Бауыржан Мұратов (57 кг), Ердәулет Саит (60 кг), Әлихан Әскер (63,5 кг), Мұхит Нұрқабылұлы (63,5 кг), Сұлтан Тұрдәлі (67 кг), Бекарыс Нұрмұхан (71 кг), Бейбарыс Әшірбай (71 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг).

Талқылау