Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокстан Қазақстан құрамасының әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды

Бокстан Қазақстан құрамасы әйелдер арасында өтетін әлем чемпионатына баратын спортшылардың тізімін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Әлем чемпионаты 8-17 наурыз арасында Сербияның Ниш қаласында болады. Бұл жарыс 2024 жылы Астанада өту керек болған еді. Алайда белгісіз себептермен бәсеке өтпей қалды.

Байрақты бәсекеде спортшылар 12 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Қазақстан құрамасы барлық салмақта бақтарын сынайды.

Олай болса, ел намысын Сербияда мына спортшылар қорғайды:

48 келі салмақта Назым Қызайбай

50 келі салмақта Алуа Балқыбекова

52 келі салмақта Анита Адишева

54 келі салмақта Жайна Шекербекова

57 келі салмақта Карина Ибрагимова

60 келі салмақта Виктория Графеева

63 келі салмақта Аида Әбікеева

66 келі салмақта Жасмин Қизатова

70 келі салмақта Наталья Богданова

75 келі салмақта Надежда Рябец

81 келі салмақта Гүлсая Ержан

81+ келі салмақта Елдана Тәліпова

Талқылау