Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокстан Қазақстан құрамасы Странджа кубогында Өзбекстанды басып озды

Бокстан Қазақстан командасы Странджа кубогында ең үздік ұлттық құрама атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: olympic.kz

Кіші әлем чемпионаты аталып кеткен Странджа кубогы биыл 74 рет өткізілді. Болгарияның София қаласында әлем мықтылары 24 ақпан мен 2 наурыз арасында бәсекелесті.

Қазақстан құрамасы бұл жарыстан 18 жүлде иеленді. 5 алтын, 9 күміс, 4 қола жеңіп алған отандастарымыз жалпы есепте көш бастады.

Жарыс соңында командалық есепте үздіктер марапатталды. Странджа кубогында ең үздік команданы Қазақстан ұлттық құрамасы еншіледі.

Ал екінші орын Өзбекстан құрамасына бұйырды. Болгарияда өткен бәсекеде өзбектер 5 алтын, 1 күміс, 2 қоланы жеңіп алды. Осылайша, жалпы саны 8 медаль ұтты.

Үздік үштікті алаң иелері түйіндеді. Болгария құрамасы өз жерінде өткен жарыста 2 алтын, 3 қоланы иеленді.

Талқылау