Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокстан Қазақстан құрамасы Странджа Кубогына қатысады

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы 24 ақпан мен 2 наурыз арасында Болгарияның София қаласында өтетін Странджа Кубогына қатысатын құрамды жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Странджа жарысын “кіші әлем чемпионаты” деп атап кеткен, себебі, бұл жарысқа әлем елдері өздерінің бірінші нөмірлі боксшыларын алып келеді.

Болгарияда өтетін бұл бәсекеге Қазақстан құрамасы да құраманың негізгі боксшыларын алып барады. Бүгін жарияланған тізімде ұлттық құраманың екі құрамы жарысқа қатысатын болады.

Ерлер құрамасы:

48 келі: Теміртас Жүсіпов, Санжар Тәшкенбай
51 келі: Даниал Сәбит, Бекзат Алдамжаров
54 келі: Махмұд Сабырхан, Тимур Қабдешев
57 келі: Оразбек Асылқұлов, Дәулет Молдашев
60 келі: Талғат Сырымбетов, Серік Теміржанов
63,5 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Ертуған Зейнуллинов
67 келі: Төрехан Сабырхан, Санатәлі Төлтаев
71 келі: Абылайхан Жүсіпов, Фарух Тоқтасынов
75 келі: Сабыржан Аққалыков, Тимур Нұрсейітов
80 келі: Ерасыл Жақпеков, Азамат Бектас
86 келі: Нұрбек Оралбай, Бекзат Нұрдәулетов
92 келі: Данияр Рахымбердинов
+92 келі: Айбек Оралбай, Нұрлан Сапарбай

Қыздар құрамасы:

48 келі: Әйгерім Сәттібаева, Ақбота Болат
50 келі: Гүлнар Тұрапбай, Елянур Турганова
52 келі: Жазира Орақбаева, Жансая Рахымберді
54 келі: Элина Базарова, Әнел Сақыш, Сымбат Әлиасқар
57 келі: Ұлжан Сәрсенбек, Айдана Забынбекова
60 келі: Римма Волосенко, Анар Тұрсынбек
63 келі: Лаура Есенкелді, Аружан Жаңабаева
66 келі: Ұлдана Таубай, Гаухар Шайбекова
70 келі: Әзиза Исина
75 келі: Шұғыла Нәлібай
81 келі: Жібек Жарасқызы
+81 келі: Ләззат Күнгейбаева, Дина Исламбекова.

Айта кетейік, боксшыларымыз қазір Болгарияда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

 

Талқылау