Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 8 алтын жеңіп алды

Бокстан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шыққан 9 қазақстандық боксшының сегізі чемпион атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰОК

Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өткен бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында боксшыларымыз 8 алтын жүлде жеңіп алды. 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында сынға түскен Қазақстан құрамасы 8 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Назарларыңыз Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ұсынамыз:

Азия чемпиондары: 

35 келі. Абылай Досымбеков

40 келі. Бекхан Оразбаев

43 келі. Жұмағали Нұрмұхан

46 келі. Әмір Мұхит

52 келі. Нұрислам Оңалбек

55 келі. Әбдімансұр Жақсылық

64 келі. Төрехан Қанатбай

70 келі. Мансұр Амантай

Күміс жүлдегер:

61 келі. Алиимран Алиев

Қола жүлдегерлер:

33 келі. Әли Әбдікамал

+70 келі. Жәдігер Мүсірәлі

Айта кетейік, 2010-2011 жылы туған жасөспірімдердің аға бапкері – Жақсылық Молдаханов

Талқылау