Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатына соңғы дайындықтарын пысықтады

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Алматыда Азия чемпионаты қарсаңындағы қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бас бапкер Елдос Сайдалиннің айтуынша, бұл жиын Моңғолияда өтетін құрлық біріншілігіне соңғы дайындық кезеңі.
"Алматы облысында кезекті оқу-жаттығу жиынын бастап кеттік. Бұл – Моңғолияда өтетін Азия чемпионатына қорытынды дайындығымыз. Бұл жолы бізге Ресей, Түркия, Германия, Швеция және Швейцария боксшылары қосылды. Бірлескен нәтижелі жаттығу жиынын өткіземіз деп жоспарлап отырмыз", – деді бас бапкер.
Сондай-ақ, ол алдағы уақытта әйелдер құрамасын бірқатар ірі халықаралық жарыстар күтіп тұрғанын атап өтті.
"Алда бірнеше маңызды дода бар: Азия чемпионаты, Финляндиядағы халықаралық турнир және Әлем кубогының алғашқы кезеңі", – деді Елдос Сайдалин
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі