Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокстан Азия чемпионатына іріктеу турнирінің жеңімпаздары анықталды

Шымкентте бокстан ерлер арасында Кеңес Одағының батыры Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің чемпиондары анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Азия чемпионатына іріктеу ретінде өткізіп жатқан Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің жеңімпаздары белгілі болды. Бүгін финалдық жекпе-жектер өтіп, алтын жүлдені иеленген спортшылар анықталды. Назарларыңызға жеңімпаздардың тізімін ұсынамыз:

48 келіге дейінгі салмақта: Теміртас Жүсіпов 

51 келіге дейінгі салмақта: Дамир Әбдіқадыр

 54 келіге дейінгі салмақта: Нұрсұлтан Алтынбек 

57 келіге дейінгі салмақта: Оразбек Асылқұлов 

 60 келіге дейінгі салмақта: Бейбарыс Жексен

63,5 келіге дейінгі салмақта: Ертуған Зейнуллинов 

 67 келіге дейінгі салмақта: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы

71 келіге дейінгі салмақта: Сабыржан Аққалыков

75 келіге дейінгі салмақта: Диас Молжігітов

80 келіге дейінгі салмақта: Ерасыл Жақпеков

86 келіге дейінгі салмақта: Бекзад Нұрдәулетов

92 келіге дейінгі салмақта: Сағындық Тоғамбай

92 келіден жоғары салмақта: Айбек Оралбай

Айта кетейік, жарысқа Қазақстанның барлық аймағынан және бірнеше елден 150 боксшы қатысты. Осымен 43-рет өткен бұл турнирде Қазақстан боксшылары Азия чемпионатына іріктеліп, құрам жасақталады. 

 

Талқылау