Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Боксшы Левит жетім балаға арнап білім беру депозитін ашты

Акция ұйымдастырушылары қазақстандықтарды балалар үйінің түлектеріне жоғары білім алуға көмектесуге шақырады.

1172679

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит елордалық 2-сынып оқушысы Алтынбек Бағибергеновтың атына арнайы білім беру депозитін ашты деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі. Алтынбек – елордалық балалар үйінің тәрбиеленушісі екен. Мектеп бітіргенге дейін оның есепшотында қомақты қаржы жинақталуы тиіс.

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінде ашылған депозиттің кірісі жыл сайын 21%-ды құрайды, оның 7%-ы мемлекеттік сыйақы, қалған 14%-ы – банктің сыйақысы. “Алтынбектің болашағы зор, міндетті түрде оқу оқып, жоғары білім алуы тиіс”, — дейді Левит. – Меніңше, бұл үлкен бір істің бастамасы. Егер білім беру депозиті болашақта керегіне жарап жатса, демек еңбегіміздің зая кетпегені”.

Жіберіп алмаңыз:

Әлемдегі ең бай спортшылар кімдер

“Ағайынды төртеу” лақап атымен жүрген қылмыстық топтың серкесі спортшыларға демеуші болып келген

Төлқұжат кеңсесі “көзі жұмулы” азиат жігітінің суретін қабылдамай қойған

Талқылау