Боксшы Махмұд Сабырхан Странджа кубогында рингке шыға алмайды
Болгарияның София қаласында өтіп жатқан бокстан Странджа кубогында Махмұд Сабырхан шаршы алаңға шықпайтын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

54 келі салмақта өнер көрсететін боксшы Қазақстан ұлттық құрамасымен Болгарияға жарысқа қатысуға келген еді. Махмұд бүгін рингте Косово елінің өкілі Башким Байокуға қарсы жекпе-жек өткізу керек болатын. Алайда дәрігерлер Сабырханға бұл кездесуге шығуға рұқсат бермеген.
“Боксшы тағамдық инфекция жұқтырған. Оған 3 наурызға дейін жарыстарға қатысуға тыйым салынады”, – деп жазылған медициналық анықтамада.
Айта кетейік, Странджа халықаралық турнирі кіші әлем чемпионатына жатады. Кеше ұлттық құрама сапында 4 боксшы бұл жарысты ерте аяқтады. Бүгін шаршы алаңға Қазақстан ұлттық құрамасының 18 спортшысы шығады.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды

