"Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерватының директоры бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді
Фото: Pixabay.com
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінің бас директоры жемқорлықпен күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің бас директорына қатысты қылмыстық іс тергеп жатыр.
Ол резерватта жұмыс істемейтін тұлғаға жалақыны заңсыз есептеп, ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
“Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Қазір оның басқа қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр”, – деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Таразда әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй құрылысының ақшасын жымқырғандар сотталды
Алматы облысында аудандық білім бөлімінің басшысы және 7 бухгалтер сотталды
Қазір тергеу жалғасып жатыр.
Бұған дейін Samruk-Kazyna Construction-ның бұрынғы басқарушы директорына халықаралық іздеу жарияланған еді.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
