Блогер "өлікті" лифтке кіргізіп, көпшілікке пранк жасады
Фото: Видеодан скриншот
Блогер Араш Гасанов лифтке "өлік" кіргізіп, пранк жасап, сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеода көрініп тұрғандай, лифт ішінде жалғыз жас жігіт тұрған. Блогер мен оның достары лифт ішіне өлген адамның рөліндегі "актерді" көтеріп, кіргізіп тастап кетеді де жарықты өшіріп тастайды. Бір сәтте онсыз да шошып қалған жігіттің жанындағы "өлік" тіріліп кетіп, зәресін алады.
Блогер мұны пранк деп атап, жігітке стоматологияның 30 мыңдық сертификатын ұсынды. Осылайша Араш Гасанов тіс емханасының жарнамасын жасаған.
"Бұл қойылым ғана, бәрі ойластырылған, қайталауға болмайды", – деп жазды видеоның астына.
-
Жігер Ауыпбаевтың үйленгені пранк болып шықты
-
"Метроға мінуге тыйым салу керек": Қоғамдық орында пранк жасаған блогерлер жауапқа тартылмақ
Желі қолданушылары блогерді қатты сынап, жас баланың жүрегі жырылып кетуі мүмкін екенін жарыса жазып жатыр.
"Осы пранк деген бәле болды. Мына баланың жүрегінде ақау болса не болады? Пранк деп адам өлтіресіңдер ме? Адамның зәресін ұшырып берген ақшаларың құрысын", "бұлай болмайды, жүрегі ауыратын болса ше", "мынау не масқара, баланың жүрегі тайды ғой", "қорыққаннан жүрегі тоқтап қалса қайтер едің", деген пікірлер қалдырған.
Еске салайық, Мақсат Толықбаев пранк жасап, контент түсіретіндерді жауапқа тартуды сұраған еді.

22 жастағы қазақстандық қыздан асқынған сатыдағы қатерлі ісік анықталды: Ол диагнозды жүкті кезінде білген
