Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогер Нұрдәулет қарындастарына екі бірдей темір тұлпар сыйлады

Блогер Нұрдәулет қарындастарына екі бірдей көлік сыйладыФото: Видеодан скриншот

NNN лақап атымен танымал блогер Нұрдәулет Бектұрсын екі қарындасына су жаңа көлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер қарындастарына тосынсый жасаған сәтін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

“Менің екі қарындасым бар. Жақсы көремін, аға және әкенің орнына әке ретінде сыйлаймын. Маған сенгендері үшін, әрдайым қолдағандары үшін осындай керемет сыйлық”, – деді блогер видеода.

Ол алғашында темір тұлпарды бір қарындасына ғана сыйлаған сыңай танытады. Қарындасының қолына жаңа телефонның қорабын ұстатады, ал ішінен көліктің кілті шығады. Ағайындылар көлікті қарап шығады. Бірнеше минуттан кейін әңгімелесіп тұрып, блогер екінші қарындасының туған күнін сұрап кенеттен кілт береді. 

Нұрдәулеттің айтуынша, ол оқырмандарына қаншама бағалы сыйлық жасаса да, қарындастарына ешқашан тарту сұраған емес. 

“Аға болу – жауапкершілік!
Армандарыңа бір қадам жақын болыңда. Ағаларың арқашан қасыңда.  Жігіттер отбасыдағы аруларды ерекше құрметтейік. Сол кезде барлығы жақсы болады”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін желіде блогер мал бордақылау үшін мемлекеттен 50 миллион теңгеге жуық ақша алды деп айыпталғаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 18 Ақпан, 2026 23:53