Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогер Mellstroy Қазақстанда қозғалған іске байланысты Кипрден шыға алмай қалғанын айтты

мелстрой

Фото: the-flow.ru

Беларусьтік блогер Mellstroy (Андрей Бурим) тікелей эфир барысында Қазақстанның құқық қорғау органдары оның жүріп-тұруын толықтай шектеді деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Михаил Козачковтың Telegram-арнасынына сілтеме жасап хабарлайды.

Блогердің айтуынша, шектеулер заңсыз ойын бизнесіне қатысты қылмыстық істі тергеумен байланысты. Mellstroy әлеуметтік желілер арқылы Mellstroy.game онлайн-казиносын ілгерілету мақсатында ауқымды жарнамалық науқан ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Ол үшін блогер бірқатар ұтыс ойындары мен челлендждер жариялады. Қатысушыларға TikTok, YouTube Shorts және басқа да әлеуметтік желілерде Mellstroy.game бренді, казино логотиптері мен сайтқа сілтемелер көрсетілген бейнероликтер түсіру ұсынылған.

Хабарламада айтылғандай, сотқа дейінгі тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізіп жатыр.

Еске салайық, блогер Қазақстан тарапынан бір айдан астам уақыт бұрын халықаралық іздеуге жарияланған. Қазіргі уақытта ол қазақстандық құқық қорғау органдары қолданған шараларға байланысты Кипр аумағынан шыға алмай отырғанын алға тартады.

Назархан Уән
Жексенбі, 21 Желтоқсан, 2025 12:38