Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогер Айжан Байзақова үшінші сәбиін дүниеге әкелді

Айжан Байзақова үшінші рет ана болдыФото: instagram.com/bayzakova/

Танымал блогер Айжан Байзақова қызды болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер сүйінші жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол сәбиін құшақтап отырған суретін жариялады. Сондай-ақ кадрлардан блогер қызына – Латифа деп есім бергенін байқауға болады. 

“15.02.26. Қызым, біздің отбасымызға қош келдің, мен сені ұзақ армандадым. Әкемізді құттықтаймын. 
Босануым қалай өткенін бірнеше сағаттан кейін айтып беремін. Әзірге құттықтауларыңызды қабылдаймз, біршама жоғалып кеттім, біліп тұрмын, уайымдадыңыздар”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Айжан Байзақова үшінші мәрте жүкті болғанын көрсеткені хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 19 Ақпан, 2026 00:31