Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жалғызбасты әке қызының өмірі үшін бүйрегінен айырылмақ

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Мырзағали Дүйсембаев өзінің туған қызына донор болуға дайындалуда. Бірер күндерден соң Астанада операция өтпек.

87_main

Сурет uralskweek.kz

Бұл туралы Уральская неделя хабарлайды.

17 жастағы Альбина Дүйсембаева үш жылдан бері бүйрек ауруынан зардап шегіп келеді. Былтырғы жылы органның қызметін әр 6 сағат сайын реттеп тұратын жасанды бүйрек орнатылған. Осы үшін ол мектепке де бара алмай, оқу бағдарламасын үйінде қабылдауға мәжбүр. Алайда диализбен өмір сүру ешқандайда мәселенің шешімі емес. Сол себепті қыздың отбасы бүйрек ауыстыру отасын жасау үшін донор іздей бастаған. Алайда аталмыш операцияны жүзеге асырудың өзі 50 мың долларды қажет етеді. Дүйсембаевтар отбасында ондай ақша жоқ. Әкесі – бір өзі үш баланы тәрбиелеп отырған қарапайым құрылысшы.

1234-768x376

Ақыры ойлана келе Мырзағали Дүйсембаев қызына өзі донор боламын деп шешім қабылдаған. Операция денсаулық сақтау министрлігі есебіне тегін жасалмақ. Тек Астанада операцияға дейінгі екі ай уақытқа және одан кейінгі кезге Дүйсембаевтар отбасы өздері төлеуі тиіс. Қазақстанның түкпір-түкпірінен тұрғындар оларға азды-көпті қаражатпен де көмектесіпті,

Қазір әкесі қызымен бірге Астанада. Анализдер қорытындысында әкесінің бүйрегі қызға сәйкес келетіні анықталған. Жуырда дәрігерлер операция күнін белгілемек.

Қазақстанда заң бойынша қиын жағдайда зардап шеккен адамдарға туыстары мен қайтыс болған адамдардың мүшелерін орналастыруға рұқсат етілген.

Талқылау