БҚО-да тағы бір компания жұмысшылары ереуілге шықты
Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында "Isker" консорциумы" ЖШС-тің 40-қа жуық қызметкері ереуілге шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” басылымына сілтеме жасап.

Isker компаниясы жұмысшылары жұмысқа шықпай, жалақыларын 50% көтеруді талап етіп ереуілге шықты.
"Бүгін, 17 қаңтар, “Іскердегі” ереуіл. Кеше Сичимдегілер ереуілге шықты. Олардың жалақысы 50%-ға көтерілді. “Іскердегілер” не дейтінін көрейік", - деді жұмысшылардың бірі.
Кейінірек Бөрілі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсанов компания басшылығы құрылтайшылармен келіссөздер жүргізетінін және бүгін кешке жалақыны көтеру мәселесі бойынша ақпарат беретінін хабарлады. Әкім Isker компаниясында 600-ден астам жұмысшы бар екенін атап өтті.
Еске салсақ, кеше Батыс Қазақстан облысындағы KKC-Sicim мұнай компаниясының 700-ге жуық жұмысшысы осы жылдың қаңтар айынан бастап жалақыны 50% көтеруді талап еткен еді.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде